«АБАЙ ТАҒЫЛЫМЫ» АТТЫ ӘДЕБИ-ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ

0
1

Бүгін оқу ордамызда Филология факультетінің студенттерінің ұйымдастыруымен «Абай тағылымы» атты әдеби-танымдық кеш өтті.

Шара ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын тереңірек танып-білуге, оның өнері мен рухани мұрасын дәріптеуге арналды.

Жиында сөз бастаған Түрік филологиясы кафедрасының меңгерушісі Сенбек Өтебеков:

«Армысыздар, құрметті студенттер мен ұстаздар! Бүгінгі Абай танымдық бағдарламасына, яғни студенттеріміз ұйымдастырып отырған кешке қош келдіңіздер! Абай – таусылмайтын терең әлем. Бүгін бізде ерекше мүмкіндік туып отыр.  Мақсат Әліпхан ағайымыз сөз сөйлеп, Абайдың шығармашылығы, оның терең ойлары мен «Толық адам» концепциясы туралы өз ойларын бөліседі», – деді.

Келесі кезекте сөз алған ғылым кандидаты, доцент Мақсат Әліпхан Абайдың шығармаларын талдап, қара сөздерінің терең мәнін түсіндірді.

Сонымен қатар, ол Абай іліміндегі «Толық адам» ұғымына кеңінен тоқталып, оның тәрбиелік және рухани маңызы жайында мазмұнды ойларын бөлісті.

Шара әрі қарай концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Студенттердің орындауындағы ән-күй, көркемсөз және сахналық қойылымдар көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу