ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНЕ ОРАЙ «КІТАП СЫЙЛАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін университет кітапханасында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне арналған онкүндік аясында «Сөз өнеріндегі өлкетану» күніне орай «Кітап сыйлау» акциясы өтті.
Акцияның мақсаты – қарапайым және мейірімге толы барша адамзатты кітап оқуға шақыру, студенттердің бойында кітап оқу, сыйлау арқылы оқу мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында қатысушылар Ұлттық кітап күнінің маңызы мен кітап оқудың адам өміріндегі рухани құндылығы туралы өз ойларын бөлісті.
Кітапхана қызметкерлері бұл мерекені ерекше форматта атап өтіп, түрлі әдеби шығармалар негізінде дайындалған сұрақтар арқылы «Ойлан, тап!» форматында зияткерлік ойын ұйымдастырды.
Ойынға оқытушылар мен студенттер белсенді қатысты.
Жиын соңында жеңімпаздар мен белсенділік танытқан студенттер арнайы марапатталып, сый-сияпаттар табысталды.
Сондай-ақ, кітапхана ұжымы мен қатысушылар бір-бірімен кітап алмасып, сыйға тартты.
Университет кітапханасында өткен тағылымды шара кітаптың қадірін ұлықтап қана қоймай, рухани мерекеге айналды.






