№28 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНДЕ 9-СЫНЫП ТҮЛЕКТЕРІНЕ АТТЕСТАТ ТАБЫСТАЛДЫ

№28 мектеп-лицейінде 2025–2026 оқу жылының 9-сынып түлектеріне негізгі орта білім туралы аттестаттарды тапсыру рәсімі өтті.

Биыл мектептің 130 оқушысы 9-сыныпты аяқтап, жаңа білім белесіне қадам басты. Олардың ішінде 15 оқушы үздік аттестат иегері атанып, оқу озаты ретінде марапатталды. Салтанатты шара барысында мектеп директоры Нысанкулова Лаззат Жаналықызы түлектерді құттықтап, алдағы оқу жолдарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, ата-аналар мен ұстаздар жас түлектерге ізгі тілектерін білдіріп, олардың жетістіктеріне қуаныштарын жеткізді.

Іс-шара мерекелік көңіл-күйде өтіп, оқушылар үшін есте қаларлық сәттерге толы болды. Жас түлектерге жарқын болашақ, биік белестер мен толағай табыстар тілейміз.

Әлеуметтік желіде бөлісу