МАНКЕНТ МЕКТЕБІНДЕ ТҮЛЕКТЕРГЕ АТТЕСТАТ ТАБЫСТАЛДЫ

2026 жылғы 18 маусымда Түркістан облысы Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты №11 «Манкент» жалпы білім беретін мектебінде мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру салтанаты өтті.

Іс-шара барысында түлектерге орта білім туралы аттестаттар табысталып, оқу үлгерімімен ерекшеленген оқушылар марапатталды. Сонымен қатар, «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлеріне арнайы белгілер тапсырылды. Салтанатты жиында ата-аналарға балалардың білім жолындағы жетістіктеріне қосқан үлесі мен қолдауы үшін алғыс хаттар берілді. Мектеп директоры М. Убайдуллаева құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге ақ жол тілеп, олардың ел болашағына үлес қосатын саналы азамат болып қалыптасатынына сенім білдірді. Мерекелік шара көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, түлектер мен ата-аналар үшін ерекше есте қаларлық сәттерге толы болды. Жас түлектерге жарқын болашақ, толағай табыс және алдағы өмір жолында сәттілік тілейміз.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу