ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНДА ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Астана қаласында 11–17 сәуір аралығында Өмірбек Жолдасбеков атындағы 11–12-сынып оқушыларына арналған математика және механика бағыттары бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсы өтті. Ауқымды білім додасына Түркістан облысынан 4 оқушы қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, 2 алтын және 2 күміс медаль иеленді. Аталған конкурс жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін арттыруға және халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаң болып табылады. Жеңімпаз оқушылар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова тарапынан арнайы марапатқа ие болды.

Алтын медаль иегерлері:
– Түркістан қаласы, Н. Оңдасынов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты
– Кентау қаласы, мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты

Күміс медаль иегерлері:
– Түркістан қаласы, «Tulga School» ЖШС
– Жетісай ауданы, мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты

Түркістандық жас зерттеушілердің бұл жетістігі – жүйелі білім беру мен ұстаздар еңбегінің нақты нәтижесі болып табылады. Оқушылар халықаралық деңгейде өңір абыройын асқақтатты.

Әлеуметтік желіде бөлісу