ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РОБОТОТЕХНИКАДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен робототехникадан әлем чемпионатында Түркістан облысының оқушылары жоғары нәтиже көрсетті. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған қатысушылар бақ сынаған додада қазақстандық командалар табысты өнер көрсетті. Түркістан облысының Tolebi Daryn командасы FIRST LEGO League Challenge санатында археология бағыты бойынша инновациялық жобасын ұсынып, бірнеше кезеңде сынға түсті. Нәтижесінде команда әлемнің үздік 5 құрамасының қатарына еніп, Champions Award финалисі атанып, жүлделі II орынды иеленді. Жеңімпаздарды, олардың жетекшілері мен ата-аналарын айтулы жетістіктерімен құттықтаймыз! Бұл жеңіс – өңір оқушыларының білім мен технология саласындағы жоғары әлеуетінің жарқын көрінісі.




