«АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБЫНЫҢ АУДАНДЫҚ СЛЕТІ ӨТТІ
Төлеби ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының аудандық слеті ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мектеп оқушыларын клуб қатарына қабылдау рәсімі өтіп, оларға арнайы галстук пен төсбелгілер табысталды. Слетке қатысқан қонақтар жас буынға ізгі тілектерін білдіріп, тақырыптық көрмелермен танысты. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының командалары өздерінің таныстырылымдарын, ұрандары мен саптық жүрістерін көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Слет жас ұрпақ бойында адалдық, парасаттылық және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.

