ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ IT БАЙҚАУДА КҮМІС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ
Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен халықаралық «INFOMATRIX-ASIA» компьютерлік жобалар байқауы өз мәресіне жетті. Байқауға 3000-нан астам өтінім түсіп, іріктеу нәтижесінде 600 финалист анықталды. Ал әлемнің 10 елінен келген 250-ден астам команда IT саласындағы инновациялық жобаларын қорғады. Түркістан облысы білім басқармасына қарасты Сарыағаш ауданындағы №4 мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының «NOMAD ROBOTICS» командасы «Arduino Hackathon» санаты бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, күміс медаль иегері атанды. Команда құрамында Қонысбек Абдулла, Қалдыбай Ерзат, Ахмедқожа Алхан бар. Жетекшісі – информатика пәнінің мұғалімі Жүзбаев Арман Қасымбекұлы. Жеңімпаз оқушыларға Алматы энергетика және байланыс университетінің 4 жылдық білім гранты табысталды. Бұл жетістік өңірдегі дарынды жастарды қолдау, IT саласын дамыту және оқушылардың халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі болып табылады.

