ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Түркістан облысындағы білім беру ұйымдарында «Мен таңдаған жол» атты республикалық ашық сабақ кең көлемде ұйымдастырылды. Іс-шара ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен бастамасымен, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізілді. Негізгі мақсат – оқушылар арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға баулу және аурулардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту. Облыс мектептерінде «Салауатты өмір салты – табысты болашақ кепілі» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізіліп, оған 1–11 сынып оқушылары қатысты. Сабақ барысында денсаулықты сақтау мен нығайтудың маңызы түсіндіріліп, пікірталастар, тренингтер, танымдық ойындар мен бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, жұқпалы аурулардың алдын алу бағытында 3–11 сынып оқушылары арасында «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы» және «Туберкулез» тақырыптары бойынша түсіндіру диктанттары алынды. Дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен спорттық іс-шаралар да өткізілді. Атап айтқанда, эстафеталық жарыстар, қысқа қашықтыққа жүгіру, арқан тарту, секіртпемен секіру және ұлттық ойындар оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Іс-шаралар оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, салауатты өмір салтын саналы түрде таңдауға бағыт берді.

Әлеуметтік желіде бөлісу