ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНДА ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ
Астана қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының жаратылыстану-математика бағыты бойынша қорытынды кезеңі өтті. Байқауда Түркістан облысынан қатысқан оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді.
Жарысқа өңірден 38 оқушы қатысып, оның 23-і жүлделі орын иеленді. Нәтижесінде 2 оқушы І орын, 7 оқушы ІІ орын, 6 оқушы ІІІ орын және 8 оқушы арнайы мақтау қағазына ие болды.
І орын иегерлері:
– Абылайұлы Арсланбек (Түркістан мамандандырылған мектеп-интернаты, 11-сынып) – биология
– Бақтыбек Ақтілек (Ж. Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты, 10-сынып) – физика
ІІ орын иегерлері:
– Кузербай Али, Серікжан Арсен (Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты, 10-сынып) – қолданбалы математика
– Асилбек Аяжан, Жумабай Мағжан (Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаты, 10-сынып) – экономика
– Бимолдаева Камшат (Кентау қаласы, №19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі, 11-сынып) – химия
– Жақып Олжас (Түркістан қаласы, №28 мектеп-лицейі, 10-сынып) – жер және ғарыш туралы ғылым
– Амирбек Алихан (Кентау қаласы, «Дарын» мектеп-интернаты, 10-сынып) – экономика
ІІІ орын иегерлері:
– Мырзагали Айдын, Айдосұлы Жәнібек (Кентау қаласы, «Дарын» мектеп-интернаты, 10-сынып) – экономика
– Әлібек Балерке (Сарыағаш ауданы, №4 мамандандырылған мектеп-интернаты, 10-сынып) – қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы
– Жексенбі Нұрбол (Кентау қаласы, Әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназия, 11-сынып) – информатика
– Фазулова Амира, Умарова Лазиза (Кентау қаласы, «Дарын» мектеп-интернаты, 9-сынып) – экономика
Сонымен қатар бірқатар оқушылар арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.
Түркістан облысының жас зерттеушілері ғылыми ізденіс пен жобалық жұмыстар арқылы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, республикалық деңгейде өңір намысын абыроймен қорғады.

