ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНДА ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Қарағанды қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы қорытынды кезеңі өтті. Байқауға Түркістан облысынан 15 оқушы қатысып, олардың 7-еуі жүлдегер атанды.

Нәтижесінде қатысушылар 2 І орын, 1 ІІ орын, 4 ІІІ орын және 3 алғыс хат иеленді.

І орын иегерлері:
– Сабиржанова Назлы (Түркістан қаласы, «Тұлға» мектебі, 10-сынып) – тіл білімі (ағылшын тілі)
– Пірімжан Айгерім (Түлкібас ауданы, үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаты, 10-сынып) – адам және қоғам

ІІ орын:
– Бауыржанқызы Қарақат (Түркістан қаласы, Т. Бигелдинов атындағы №16 ЖББМ, 10-сынып) – тіл білімі (қазақ тілі)

ІІІ орын иегерлері:
– Үсен Тоғжан (Кентау қаласы, «Дарын» мектеп-интернаты, 10-сынып) – тіл білімі (орыс тілі)
– Кәдірбек Сымбат (Отырар ауданы, А. Дәрібаев атындағы ЖББМ, 9-сынып) – тіл білімі (орыс тілі)
– Абилда Арман (Арыс қаласы, Абай атындағы БИЛ, 11-сынып) – тіл білімі (ағылшын тілі)
– Сүлей Әли (Түркістан қаласы, «Тұлға» мектебі, 9-сынып) – әдебиет

Арнайы алғыс хат иегерлері:
– Аламдар Азиз (Түлкібас ауданы, А. Гайдар атындағы ЖББМ, 8-сынып) – әдебиет (орыс тілі)
– Араб Айсамал (Жетісай ауданы, «Дарын» мектеп-интернаты, 11-сынып) – этномәдениеттану
– Тұрсынхан Аяулым (Жетісай ауданы, «Дарын» мектеп-интернаты, 11-сынып) – этномәдениеттану

Түркістан облысының оқушылары ғылыми ізденіс пен білім бәсекесінде жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, өңір намысын абыроймен қорғады.

Әлеуметтік желіде бөлісу