ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысында 2025–2026 оқу жылындағы республикалық олимпиадаларға қатысатын оқушылар үшін оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Іс-шара Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орыновтың бастамасымен жүзеге асырылуда. Жаттығу жиыны 2026 жылдың 18–24 ақпан аралығында «Алатау» оқу-сауықтыру орталығында өтуде. Бағдарламаға олимпиадалық резервке енген дарынды оқушылар қатысуда. Дайындық жұмыстары жүйелі форматта ұйымдастырылып, оқушылармен тереңдетілген теориялық сабақтар, олимпиадалық деңгейдегі есептерді шешу, сынақ турлары және қателермен жұмыс жүргізу қарастырылған. Сонымен қатар жеке және топтық дайындық тәсілдері енгізілген. Жаттығу жиынының негізгі мақсаты – оқушылардың республикалық және халықаралық білім додаларында жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне жағдай жасау, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Аталған жоба дарынды оқушылар үшін маңызды мүмкіндік ретінде бағаланып, облыстағы олимпиадалық дайындық жүйесін күшейтуге бағытталған.

