АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЭССЕ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

9–11 сынып оқушыларына арналған ағылшын тіліндегі сыни ойлау және философия пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өңірлерде онлайн форматта өтуде. Білім додасына Түркістан облысынан іріктелген 35 оқушы қатысып, өзара бақ сынауда. Шешуші кезеңде қатысушылар ағылшын тілінде 500–700 сөз көлемінде эссе жазып, сыни ойлау қабілеті, логикалық талдау дағдысы, философиялық пайымы мен тілдік сауаттылығы бойынша бағалануда. Олимпиаданың басты мақсаты – жоғары сынып оқушыларының философиялық ойлауын дамыту, олардың пәнге қызығушылығын арттыру және шығармашылық-сыни көзқарасын қалыптастыру. Сонымен қатар оқушылар жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелерді этикалық тұрғыдан саралап, өз пікірлерін ағылшын тілінде еркін әрі дәлелді жеткізу дағдыларын жетілдіреді. Қорытынды кезеңге жолдама алған барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз. Түркістан облысының намысын қорғап жатқан жас зияткерлерге жоғары нәтиже мен жарқын жеңістер тілейміз.

Әлеуметтік желіде бөлісу