ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ ИДЕЯСЫН ӨНЕР АРҚЫЛЫ НАСИХАТТАДЫ
Түркістан қаласындағы Мұз сарайында терроризмге қарсы тақырыпқа арналған жас суретшілердің шығармашылық байқауы ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар қылқалам арқылы өз ойларын жеткізіп, бейбітшілік пен қауіпсіз қоғам құндылықтарын насихаттайтын туындыларын ұсынды. Іс-шараға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Болат Аюбайұлы, Түркістан облысының прокуроры
Мұрат Әжінұрұлы және Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Арыстанғали Расылханұлы қатысып, жас өнерпаздардың жұмыстарымен танысты. Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар авторлары марапатталды. Бас жүлде Кентау қаласының оқушысы Демидов Алексейге табысталса, І орын Түркістан қаласынан Қожабаев Арманға, ІІ орын Кентау қаласынан Кузовников Александрға, ІІІ орын Түркістан қаласынан Баянғали Аяулымға бұйырды. Қатысушылар өз шығармаларының идеялық мазмұнын таныстырып, қауіпсіз қоғам құрудың маңыздылығын өнер тілі арқылы жеткізді. Байқау жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылық құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.
