1,1 МЛН-НАН АСТАМ АУЫЛ ОҚУШЫСЫНЫҢ ОҚУ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСАРТЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2023–2025 жылдары еліміздегі шағын қалалар, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердегі 3 008 мектепте ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Жоба аясында мектептердің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, заманауи пәндік кабинеттермен жабдықталды. Сондай-ақ білім ошақтарындағы жиһаздар ауыстырылып, кітапханалар мен асханалар жаңғыртылды, қауіпсіздік жүйелері күшейтілді. Үш жыл ішінде 369 мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп, 1 817 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды. 2 917 пәндік кабинет сатып алынып, 1 697 мектептің жиһазы жаңартылды. Бұдан бөлек, 2 413 кітапхана мен 1 401 асхана заманауи талаптарға сай жабдықталып, 1 705 мектепте қауіпсіздік жүйелері күшейтілді. Сонымен қатар, 2 752 мектепке 4 320 пәндік кабинет жеткізілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде еліміздегі 1,1 миллионнан астам ауыл оқушысының оқу жағдайы жақсарды. Қазіргі таңда 2029 жылға дейін мектеп инфрақұрылымын жаңғырту және білім беру ұйымдарын бірыңғай заманауи форматқа көшіру мақсатында 1 300-ге жуық мектепті реновациялау бағдарламасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу