ҚОС ТҮЛЕК ҰБТ-ДАН 140 БАЛЛ ЖИНАДЫ

Түркістан облысында ҰБТ-ның алғашқы нәтижелері жоғары көрсеткіштермен басталды. Түркістан қаласындағы «TULGA SCHOOL» жекеменшік мектебінің 11 «Д» сынып оқушылары Айсұлтан Жаңбырбай мен Жасур Нышанбаев Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинап, республикадағы үздік нәтижелердің бірін тіркеді. Қос түлек те Дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілі пәндерін таңдап, халықаралық IELTS емтиханынан 6,5 балл нәтижесін көрсеткен. Олар қаңтар және наурыз айларындағы тестілеулерде де жоғары балл жинап, жүйелі дайындықтың нәтижесінде негізгі ҰБТ-да ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Болашақта Максұт Нәрікбаев атындағы университетте білім алып, аударма ісі мамандығы бойынша халықаралық деңгейде қызмет етуді жоспарлаған дарынды жастардың жетістігі – табанды еңбектің, сапалы білім мен ұстаздар қолдауының айқын көрінісі. Бір сыныптан екі бірдей 140 балл иегерінің шығуы Түркістан өңірі білім саласындағы маңызды жетістіктердің бірі болып отыр.

Әлеуметтік желіде бөлісу