ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ ЕЛДЕРДІҢ БАСШЫЛАРЫ TURKISTAN ВИЗИТ-ОРТАЛЫҒЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары Түркістан қаласындағы Turkistan визит-орталығында болып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тарихи-рухани мұрасымен танысты. Мәртебелі меймандарға Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен кесене тарихын баяндайтын сирек жәдігерлер көрмесі ұсынылды. Көрмеде XIV ғасырдан сақталған ағаш есік, Әмір Темір дәуірінен жеткен қола шырағдандар, көне кәндилдер мен басқа да құнды тарихи мұралар таныстырылды. Сондай-ақ қонақтар кесене күмбезінің ұшар басындағы көне куббаны және XVIII–XIX ғасырларға тиесілі Қожа Ахмет Ясауи құлпытасының қабіржапқышын тамашалады. Көрме түркі халықтарының бай мәдени-рухани мұрасын насихаттауға бағытталған маңызды шара болды.

Әлеуметтік желіде бөлісу