ТҮРКІСТАНДА ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткен «Шабыт шыңы» облыстық өнер фестивалінің қорытынды гала-концертінде өнерге үлес қосқан ұстаздар мен шығармашылық жетекшілер марапатталды. Салтанатты шарада Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Қалдыкөзұлы фестиваль жеңімпаздары мен үздік шығармашылық ұжымдарды құттықтап, балалар шығармашылығын дамытуға сүбелі үлес қосқан педагогтерге құрмет көрсетті. Іс-шара барысында Түркістан, Кентау қалалары мен Отырар, Бәйдібек аудандарындағы «Балалар саз өнері» мектептерінің ұстаздарына Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының бірқатар қызметкерлері мен педагогтері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің төсбелгілерімен және Алғыс хаттарымен марапатталды «Шабыт шыңы» фестивалі жас таланттарды қолдауға және ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған маңызды жоба ретінде өз маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Әлеуметтік желіде бөлісу