СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ – ҮЛКЕН ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА
Түркістан облысының барлық білім беру ұйымдарында соңғы қоңырау салтанатты түрде аталып өтті. Биылғы шаралар «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында ұйымдастырылып, оқушыларға арналған тәрбие сағаттары өткізілді. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Түркістан қаласындағы №28 мектепте өткен іс-шараға қатысып, ұстаздар мен түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Ол білім беру ісіне үлес қосып жүрген педагогтарға алғыс айтып, мектеп бітіруші жастарға сәттілік тіледі. Биыл Түркістан облысында 35 мыңнан астам оқушы 11-сыныпты тәмамдады. Олардың ішінде мыңдаған түлек «Алтын белгі» мен «Үздік аттестатқа» үміткер атанып отыр. Салтанатты шара барысында түлектер ұстаздарына ризашылықтарын білдіріп, мектеппен қимай қоштасты.

