ТҮРКІСТАНДЫҚ ДАРЫНДАР «МҰҚАҒАЛИ ОҚУЛАРЫНДА» ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАР ИЕЛЕНДІ

Алматы облысы, Райымбек ауданының Қарасаз ауылында өткен республикалық «Мұқағали оқуларында» Түркістан облысының оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, өңір мерейін үстем етті. Байқау қорытындысы бойынша Сарыағаш ауданынан Омар Фариза II орынға ие болса, Отырар ауданынан Тұрар Рысқұлов пен Шардара ауданынан Тасболат Берік III орынды иеленді. Сондай-ақ Шымкент қаласындағы Өнер мектебінің оқушысы Пайызхан Рахмен Ә. Бейсеуов атындағы арнайы жүлдемен марапатталды. Жас дарындардың жетістігі – олардың табандылығы мен жетекшілерінің қажырлы еңбегінің жемісі. Жүлдегерлерді құттықтап, алдағы шығармашылық жолдарында толағай табыстар тілейміз.

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу