ТҮЛЕКТЕРГЕ АТТЕСТАТ ТАБЫСТАЛДЫ

18 маусым күні Түркістан облысы Сайрам ауданындағы №11 «Манкент» жалпы білім беретін мектебінде 2025-2026 оқу жылының түлектеріне аттестат тапсыру салтанаты өтті. Мерекелік жиын барысында мектеп бітірушілерге орта білім туралы аттестаттар табысталып, «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлері марапатталды. Сондай-ақ, оқушылардың жетістіктеріне қолдау көрсеткен ата-аналарға алғыс хаттар тапсырылды. Салтанатты шарада мектеп директоры М. Убайдуллаева түлектерді құттықтап, оларға жарқын болашақ пен толағай табыс тіледі. Мерекелік кеш көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, ұстаздар, ата-аналар мен түлектер үшін есте қаларлық ерекше сәттерге толы болды.

Әлеуметтік желіде бөлісу