ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНДА ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ
Қарағанды қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы қорытынды кезеңі өтті. Байқауға Түркістан облысынан 15 оқушы қатысып, 7 оқушы жүлдегер атанды.
Нәтижесінде оқушылар 2 І орын, 1 ІІ орын, 4 ІІІ орын және 3 алғыс хат иеленді.
І орын иегерлері:
– Сабиржанова Назлы, Түркістан қаласы, «Тұлға» мектебі, 10-сынып, тіл білімі (ағылшын тілі)
– Пірімжан Айгерім, Түлкібас ауданы, үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаты, 10-сынып, адам және қоғам
ІІ орын:
– Бауыржанқызы Қарақат, Түркістан қаласы, Т. Бигелдинов атындағы №16 ЖББМ, 10-сынып, тіл білімі (қазақ тілі)
ІІІ орын иегерлері:
– Үсен Тоғжан, Кентау қаласы, «Дарын» мектеп-интернаты, 10-сынып, тіл білімі (орыс тілі)
– Кәдірбек Сымбат, Отырар ауданы, А. Дәрібаев атындағы ЖББМ, 9-сынып, тіл білімі (орыс тілі)
– Абилда Арман, Арыс қаласы, Абай атындағы БИЛ, 11-сынып, тіл білімі (ағылшын тілі)
– Сүлей Әли, Түркістан қаласы, «Тұлға» мектебі, 9-сынып, әдебиет
Арнайы алғыс хат иегерлері:
– Аламдар Азиз, Түлкібас ауданы, А. Гайдар атындағы ЖББМ, 8-сынып, әдебиет (орыс тілі)
– Араб Айсамал, Жетісай ауданы, «Дарын» мектеп-интернаты, 11-сынып, этномәдениеттану
– Тұрсынхан Аяулым, Жетісай ауданы, «Дарын» мектеп-интернаты, 11-сынып, этномәдениеттану
Түркістан облысының оқушылары ғылыми ізденіс пен білім бәсекесінде жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, өңір намысын абыроймен қорғады.
