ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНДА ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ
Астана қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының жаратылыстану-математика бағыты бойынша қорытынды кезеңі өтті. Байқауда Түркістан облысынан қатысқан оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді. Жарысқа өңірден 38 оқушы қатысып, оның 23-і жүлделі орын иеленді. Нәтижесінде 2 оқушы І орын, 7 оқушы ІІ орын, 6 оқушы ІІІ орын және 8 оқушы арнайы мақтау қағазына ие болды.
І орын иегерлері:
– Абылайұлы Арсланбек, Түркістан мамандандырылған мектеп-интернаты, 11-сынып, биология
– Бақтыбек Ақтілек, Ж. Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты, 10-сынып, физика
ІІ орын иегерлері:
– Кузербай Али, Серікжан Арсен, Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты, 10-сынып, қолданбалы математика
– Асилбек Аяжан, Жумабай Мағжан, Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаты, 10-сынып, экономика
– Бимолдаева Камшат, Кентау қаласы, №19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі, 11-сынып, химия
– Жақып Олжас, Түркістан қаласы, №28 мектеп-лицейі, 10-сынып, жер және ғарыш туралы ғылым
– Амирбек Алихан, Кентау қаласы, «Дарын» мектеп-интернаты, 10-сынып, экономика
ІІІ орын иегерлері:
– Мырзагали Айдын, Айдосұлы Жәнібек, Кентау қаласы, «Дарын» мектеп-интернаты, 10-сынып, экономика
– Әлібек Балерке, Сарыағаш ауданы, №4 мамандандырылған мектеп-интернаты, 10-сынып, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы
– Жексенбі Нұрбол, Кентау қаласы, Әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназия, 11-сынып, информатика
– Фазулова Амира, Умарова Лазиза, Кентау қаласы, «Дарын» мектеп-интернаты, 9-сынып, экономика
Арнайы мақтау қағаздары да бірқатар оқушыларға табысталды. Түркістан облысының оқушылары ғылыми ізденіс пен зерттеу жұмыстары арқылы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, республикалық деңгейде өңір намысын абыроймен қорғады.
