ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысында 2025–2026 оқу жылындағы республикалық олимпиадаларға қатысатын оқушыларға арналған оқу-жаттығу жиыны басталды. Іс-шара Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орыновтың бастамасымен ұйымдастырылуда.

Жаттығу жиыны 2026 жылдың 18–24 ақпан аралығында Түркістан облысы білім басқармасының «Алатау» оқу-сауықтыру орталығында өтуде. Бағдарламаға олимпиадалық резервке енген оқушылар қатысуда. Дайындық жұмыстары жүйелі форматта ұйымдастырылып, оқушылармен тереңдетілген теориялық сабақтар, олимпиадалық деңгейдегі есептерді шешу, сынақ турлары және қателермен жұмыс жүргізу қарастырылған. Сонымен қатар жеке және топтық дайындық форматтары енгізілген. Бұл оқу-жаттығу жиынының негізгі мақсаты – оқушылардың республикалық және халықаралық деңгейдегі білім додаларында жоғары нәтиже көрсетуіне жағдай жасау. Аталған жоба дарынды оқушылар үшін жаңа мүмкіндік ретінде бағаланып, олимпиадалық дайындық жүйесін күшейтуге бағытталған.

Әлеуметтік желіде бөлісу