СОЗАҚ АУДАНЫНДА БІЛІМ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН НӘТИЖЕЛІ КӨРСЕТКІШТЕР ҚАЛЫПТАСТЫ

Созақ ауданында 2025–2026 оқу жылы қарсаңында білім беру саласында тұрақты оң динамика қалыптасып келеді. Ауданның білім саласындағы 2025 жылғы жұмыстары мен 2026 жылға арналған жоспарлары туралы ақпаратты тікелей эфир арқылы мына сілтеме бойынша тыңдауға болады: https://www.facebook.com/share/v/1XWq7fSu4B/?mibextid=wwXIfr

Ауданда мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейі жоғары көрсеткішке жеткен. 3–6 жас аралығындағы балалар 100 пайыз, ал 2–6 жас аралығындағы балалар 99,7 пайыз қамтылған. Бұл бағытта жаңа 45 орындық балабақша ашылып, бірқатар білім беру нысандары жөндеуден өтті. Бүгінде аудан бойынша 35 мектепте 15 470 оқушы білім алуда. «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында 900 орындық жаңа білім беру ұйымы пайдалануға беріліп, заманауи оқу ортасы қалыптастырылды.

2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 3,3 пайызға артып, 57,1 пайызды құрады. Үлгерім көрсеткіші 100 пайыз деңгейінде сақталған. Өткен оқу жылында 1125 түлек мектеп бітірді. Олардың 430-ы мемлекеттік грант иегері атанса, 79 оқушы «Алтын белгі» және 70 оқушы «Үздік аттестат» иегері болды. Оқушылар республикалық білім додаларында да жоғары нәтижелерге қол жеткізген.

Педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру бағытында 1098 мұғалім арнайы курстардан өтті. Сонымен қатар барлық мектептер 100 пайыз интернет желісімен қамтылып, қауіпсіздік және санитариялық талаптар толық сақталуда. Созақ ауданында атқарылып жатқан бұл жұмыстар білім сапасын арттыруға және оқушылар үшін қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Әлеуметтік желіде бөлісу