ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ҰСТАНЫМЫН ӨНЕР АРҚЫЛЫ БІЛДІРДІ

Түркістан қаласындағы Мұз сарайында терроризмге қарсы тақырыпқа арналған жас суретшілердің шығармашылық байқауы өтті. Шара барысында оқушылар қылқалам тілі арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты өз көзқарастарын білдіріп, қауіпсіз қоғам құру идеясын бейнеледі.

Іс-шараға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Болат Аюбайұлы, Түркістан облысының прокуроры Мұрат Әжінұрұлы, Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Арыстанғали Расылханұлы қатысып, жас өнерпаздармен пікір алмасты. Байқау соңында үздік жұмыстар авторлары марапатталды. Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Қалдыкөзұлы жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етті. Нәтижесінде бас жүлде Кентау қаласынан Демидов Алексейге, І орын Түркістан қаласынан Қожабаев Арманға, ІІ орын Кентау қаласынан Кузовников Александрға, ІІІ орын Түркістан қаласынан Баянғали Аяулымға бұйырды. Байқауға қатысқан оқушылар өз жұмыстарын қорғап, идеялық мазмұнын жан-жақты түсіндірді. Шара жастардың азаматтық ұстанымын нығайтуға, қауіпсіз қоғам құндылықтарын насихаттауға бағытталды.

Әлеуметтік желіде бөлісу