1,1 МЛН-НАН АСТАМ АУЫЛ ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН ОҚУ ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖАҚСАРТЫЛДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2023–2025 жылдар аралығында еліміздегі шағын қалалар, аудан орталықтары және ауылдық елді мекендердегі 3 008 мектепте ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Жаңғырту жұмыстары қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, білім беру сапасын арттыруға және оқушылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталды. Аталған кезеңде мектептердің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, заманауи пәндік кабинеттер жабдықталды. Сондай-ақ мектеп жиһаздары ауыстырылып, кітапханалар мен асханалар жаңғыртылды, қауіпсіздік жүйелері күшейтілді.
2023–2025 жылдар қорытындысы бойынша:
369 мектепте күрделі жөндеу жүргізілді
1 817 мектепте ағымдағы жөндеу жасалды
2 917 пәндік кабинет сатып алынды
1 697 мектепте жиһаз жаңартылды
2 413 мектептің кітапханасы жаңғыртылды
1 401 мектептің асханасы жаңартылды
1 705 мектепте қауіпсіздік жүйелері күшейтілді
Сонымен қатар 2 752 мектепке 4 320 пәндік кабинет жеткізілді. Оның ішінде:
2023 жылы – 1 072 мектеп (1 507 кабинет)
2024 жылы – 920 мектеп (1 621 кабинет)
2025 жылы – 760 мектеп (1 192 кабинет)
Аталған жұмыстардың нәтижесінде еліміз бойынша 1,1 миллионнан астам ауыл оқушысының оқу жағдайы жақсарды. Бұдан бөлек, 2029 жылға дейін мектеп инфрақұрылымын жаңғырту және бірыңғай заманауи форматқа көшіру мақсатында шамамен 1300 мектепті реновациялау бағдарламасы іске асырылуда.
