САБАҚТА ЖАҢА ДАҒДЫЛАР МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Сол себепті өскелең ұрпаққа озық технологиялардан пайдалана отырып, білім беру,олардың қарым-қабілеттерін ашу,шығармашылыққа баулу және оларды жан-жақты дамыту, бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу ұлағатты ұстаздарымызға артылып отырған міндет.Қазіргі таңда заман жедел түрде дамып, жаңа көзқарастар қалыптасып келеді. Заман ағымымен бір толқында жүзу үшін инновациялық технологияларды жетік меңгерген және оны жастарға сауатты түрде үйрете алатын, білім берудің жаңаша әдістерін білетін, білікті маман болуға тиіспіз.
Қазіргі уақытта педагогиканың бір ерекшелігі-баланың тұлғалық дамуына қарым-қабілетін анықтап, сол бойынша жұмыс жасауға баулу.Аталмыш әдіс-жетістікке тез жетелейтіні анық. Жаңа технологиялардан пайдалану, сол бойынша білім беру-бұл үдерісті жиілететіні сөзсіз. Ақпараттық салада сауатты болу-бүгінгі күнде сұранысқа ие болу деп білемін. Мысалы жай ғана карантин кезінде білім жүйесінде болған өзгерістерге мән беретін болсақ, ұялы телефон, компьютерді жақсы білетін оқытушыларымыз өзбіліктіліктерінің арқасында оқушыларына түрлі мәліметтер мен материалдар арқылы жүйелі білім беру мүмкіндігіне ие болды.
Ал технологиялардан хабардар болмаған мұғалімдеріміз қанша жылдық тәжірибесі болса да,балаларға қашықтықтан білім беруде біраз қиндықтарға ұшырап отрыды. Тағы бір жағынаналып қарайтын болсақ, карантин кезінде болған өзгерістер-инновациялық технологиялардың көп нәрсеге құдіретті екендігін нақты дәлелдеп бере алды. Біз өз артықшылықтарымыз бен кемшіліктерімізді анықтап алдық.
Сонымен қатар көптеген жетістіктерге де жеттік.Оқушыларды https://daryn.online/,https://classroom.google.com/ платформалары арқылы оқыту мүмкіндігіне ие болдық, https://joo.kz/, http://arystan.online/, https://online.damu.kz/ платформалары іске қосылып, жас түлектерімізге дұрыс бағыт-бағдар беріліп, психологиялық тұрғыдан оларды ҰБТ-ғадайындап, беделді университеттерде оқуы үшін өз көмектерін берді және қазірде қол ұшын созып жатыр Барлық ата-ана да, мектеп қабырғасында 20-30 жылдық жұмыс тәжірибесі бар мұғалімдер де инновациялық технологиялардың бізге берері көп екендігіне, мемлекет өркендеуіне үлкен үлес қосып отырғандығына күә болды.
Ал енді неге біз жаңа технологиялардан пайдалана отырып білім беруіміз керек деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Біздің алдымызда үлкен мақсат бар,бұл дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу Осы жолда біз тынымсыз ізденіп, еңбек етіп, шыңдалуға тиіспіз. Осы орайда дамыған елдер жетістікке қалай тез әрі тиімді жолмен жетті?! деген сұрақ туындайды. Ол әрине озық технология мен қатар жүйелі білімнің арқасында екендігі бәрімізге белгілі.
Сөздеріме дәлел ретінде: Сингапур елін алып қарайтын болса, білім саласы бойынша жедел дамып бара жатқан мемлекеттердің арасында алдынғы қатарлардан орын алады. Ол жерде мектепте, университетте білім беретін мұғалімдер үлкен абырой мен жалақыға ие. 35% университет бітіруші түлектер мектепке мұғалім болып барады.Сингапур мемлекетіндегі оқушылар 1 жылда 11 күн демалып, қалған уақыттарын сабақ оқуға жұмсайды.
Негізінен әр оқушыны ынталандырып, білім алуға деген құштарлығын ояту үшін мотивация беріп отырады, жаңа технологияларды тез әрі сауатты меңгеруге, кәсіпкерлік негіздері мен әр сөзі мен ісіне жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Сингапур 1997 жылы Thinking Schools, Learning Nation жобаларын іске қосты. Олар білім сапасы жоғары болу үшін технологиядан хабардар білікті мұғалім мен қатар көреген директор болуы керек деп есептейді. 2015 жылдан бастап Сингапурда мектепке университеттің ең үздік түлектерін ғана мұғалім ретінде алуды енгізді. Нағыз білімділер таразыға түсіп, ең мықтылары іріктеліп алынған жерде ғана сапалы жұмыс жүзеге асады.
Қосымша ақпарат ретінде Британдық білім беру жүйесінде қосып кетсем, артық болмайды.Британдық мектептердегі білім беру-Еуропадағы ең көп қатпарлы және беделділердің бірі болып саналады. Балаларға және ата-аналарға көптеген түрлері ұсынылады, жеке мектептер, мемлекеттік мектептер, жеке оқыту, бірге оқыту, пәндерді таңдау, мамандықты таңдау. Primary school, Secondary school, College, University сияқтылар жатады.
Білім беру барысында Британдықтар озат оқушылар мен артта қалушыларды бір сыныпта оқытудың қажеті жоқ деп санайды. Ұлдар мен қыздардың жетістікке жету тәсілдері мен өлшемдері әр түрлі, сондықтан оларды түйістірудің қажеті жоқ деген пікірде. «Ерлер» мен «әйелдердің» міндеттері бір сарынға түсіріледі –қыздар да, ұлдар да өз ұжымында «қыздардікі емес» және «ұлдардікі емес» жұмыстарды орындауды үйренеді, барынша өз бетінше және ұйымдасқан болады алады. Бұл әдіс әр нәрсеге дайын болып, сынақтарға сынбай, мойымай,дегеніне жетуге көмектеседі.
Жоғарыда айтылған дүниелердің барлығын сараптап қарайтын болсаңыз, ақпараттық сауаттылқты арттыруымыз және жаңаша әдіспен сабақ өтуіміз керек екендігіне көздеріңіз жетеді.Енді сіздерге сабақ барысында жаңа технологиялармен бірге түрлі тәсілдерді ұштастыра отырып,сабақ өту жолдарын ұсынсам, менің ойымша бір сыныпқа 20-25 шақты оқушы емес, 10-15 шақты оқушыны жинауымыз қажет. Оқушылардың білім деңгейлерін анықтап, соған байланысты сыныпқа топтастырған дұрыс, оқушыларды бір сыныпқа жинап жатқан кезде олардың қарым-қабілеттеріне де ерекше мән берілуі тиіс.
Мен неге бұл тәсілді ұсынып отырмын? Себебі әр баламен жеке жұмыс жасауды қолдайтын жанмын. Аз оқушы болса, бұл үдерісті жүзеге асыра аламыз, ал енді өзіндік қабілеттері мен білім деңгейлері ұқсас балалармен жұмыс жасау–білім сапасының артуын қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге сабақ уақытын 1 сағатқа ұзарту керек деген ойдамын. Үй тапсырмаларын сұрап,жаңа тақырыпты ашып, оны түсіндіріп,тапсырмаларды орындауға 45-50 минут аздық етеді.Бұл пікіріме байланысты мұғалімдер арасында 1 сағат көп, біз оқушыларды шаршатып қоямыз деген сан түрлі ойлар ортаға тасталуы мүмкін. Бірақ біз инновациялық технологиялардан пайдалана отырып, сабақ өткеннен кейін оларға жұмыс жасау,мәліметтерді табу, жаңа ақпараттар мен танысу қиынға соқпайды.
Сабақ барысында үзіліс жасап, мидың жұмыс үдерісін жиілететін жаттығуларды жасап тұруға,негізгі бөлімге келгенде топтарға бөліп, тақырыпты терең талқылау үшін дебаттар ұйымдастыруға болады. Оқытушы белгілі бір шектеулерді қойып,кітапта не жазылса, соны ғана айтып, орындатып отыра бермей, жан-жақты ізденіп, уақытын тиімді пайдалана алса-балалардың белсенділігі артады,мектепте арнайы тренингөткізілетін клубтар ашылуы керек деген ойды да ортаға салғым келіп тұр. Бұл клубтың ерекшеліктері-тренинг өтетін тұлғалар да!
Яғни тренинг өткізу үшін білімді де, білікті, өмірлік тәжірибесі бар, әр түрлі саланың мамандары болуы тиіс. Олар оқушы жастарымыз бен сұқбат өткізу барысында өз көргендері мен өмірден түйгендерін мотивация ретінде айтып отырады. Практикада көрсету үшін өздерінің жұмыс орындарына апарады, қызығушылығын оятуарқылы, оларды алға жетелейді.
Ойымды қорытындылай келе педагогтарымызға айтатыным, біз-ұлттың айнасымыз, Қазақстанныңболашағы-жастардың қолында, өскелең ұрпақты тәрбиелеп, мемлекет өркендеуіне үлес қосатын тұлғалармыз. Сол себепті ұмтылыс, ізденіс пен талпыныста жүрейік. Өзімізбен көп жұмыс жасайық, заман талабына сай, білімді де, білікті, шебер мұғалім ретінде көпке үлгі бола алайық!
Автор: Захро Ирисматова
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің
Журналистика және репортер ісі мамандығының 4-курс студенті
