ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНДА ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Астана қаласында 11–17 сәуір аралығында Өмірбек Жолдасбеков атындағы 11–12 сынып оқушыларына арналған математика және механика бағыттары бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсы өтті.

Ауқымды білім додасына Түркістан облысынан 4 оқушы қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, 2 алтын және 2 күміс медаль иеленді.

Аталған конкурс жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін арттыруға және халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаң болып табылады.

Жеңімпаз оқушылар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова тарапынан арнайы марапатқа ие болды.

Алтын медаль иегерлері:
– Түркістан қаласы, Н. Оңдасынов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты
– Кентау қаласы, мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты

Күміс медаль иегерлері:
– Түркістан қаласы, «Tulga School» ЖШС
– Жетісай ауданы, мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты

Түркістандық жас зерттеушілердің бұл жетістігі – жүйелі білім беру мен ұстаздар еңбегінің нақты нәтижесі. Оқушылар халықаралық деңгейде өңір абыройын асқақтатты.

Әлеуметтік желіде бөлісу