ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨШБАСШЫЛАР ФОРУМЫНДА ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты «Жанкент» жалпы білім беретін мектебінің өзін-өзі басқару ұйымының оқушысы Пашенова Ақниет «Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының республикалық форумы» қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды. Аталған форумға еліміздің 17 облысы мен 3 қаласынан келген делегациялар қатысып, тәжірибе алмасу алаңында өз жобаларын таныстырды.
Іс-шара барысында қатысушылар TEDx форматында сөз сөйлеп, өзекті мәселелерді талқылап, түрлі бағыттағы бастамаларын ұсынды. Нәтижесінде Түркістан облысының атынан қатысқан оқушылар өз жобаларын жоғары деңгейде қорғап, белсенді қатысушылар қатарынан көрінді. Бұл жетістік – оқушылардың көшбасшылық қабілеті мен қоғамдық белсенділігінің нақты көрінісі.
