«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТТІ

Түркістан облысы білім басқармасына қарасты 1116 білім беру ұйымында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға 11-сыныпта оқитын 34 685 оқушы қатысты. Сынып сағаттары Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіруге, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталды. «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында өткен сабақтар барысында оқушыларға еліміздің Ата заңының негізгі қағидаттары түсіндірілді.

Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және мемлекет алдындағы жауапкершілігін арттыру. Жаңа Конституция – әр азаматтың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын негізгі құжат екені айтылып, оны құрметтеу мен сақтау – жауапты азамат болудың басты шарты екені түсіндірілді. Мұндай сынып сағаттары оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың елге деген құрметі мен патриоттық санасын нығайтуға ықпал етеді.

Әлеуметтік желіде бөлісу