ӨҢІРІМІЗДІҢ ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗДАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Алматы қаласында өткен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінде Түркістан облысынан қатысқан 10 педагогтің барлығы жүлделі орындар мен арнайы мадақтамаларға ие болып, өңірдің білім саласындағы абыройын арттырды.

Байқау нәтижесінде ұстаздар өздерінің кәсіби шеберлігі мен заманауи педагогикалық тәжірибесін жоғары деңгейде көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді.

ІІ орын иегерлері:
Тастан Ақниет Бақытқызы – Түркістан қаласы, №32 жалпы білім беретін мектеп, орыс тілі мен әдебиеті
Орынбасар Парасат Орынбасарұлы – Түркістан қаласы, №32 жалпы білім беретін мектеп, дене шынықтыру
Тасболатова Сандуғаш Азимхановна – Ордабасы ауданы, «Зерде» жалпы білім беретін мектеп, көркем еңбек

ІІІ орын иегерлері:
Абсеит Динара Еркінқызы – Төлеби ауданы, №10 жалпы білім беретін мектеп, биология
Әлішерова Самал Ғаниқызы – Түркістан қаласы, №28 мектеп-лицей, ағылшын тілі
Анарбаев Шохзод – Сауран ауданы, М. Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектеп, математика
Арынбек Рүстем – Түркістан қаласы, №6 жалпы білім беретін мектеп, алғашқы әскери және технологиялық дайындық

Арнайы мадақтама иегерлері:
Арзиметов Эльдар Мусаханұлы – Сауран ауданы, «Тұран» жалпы білім беретін мектеп, физика
Жорабекова Аяулым Нұрмаханқызы – Сарыағаш ауданы, №80 жалпы білім беретін мектеп, бастауыш сынып
Исман Шыңғыс – Түркістан қаласы, «Tulga School» ЖШС, география. Олимпиада педагогтердің кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және заманауи білім беру әдістерін жетілдіруге мүмкіндік берген маңызды алаң болды.

Әлеуметтік желіде бөлісу