ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

Еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында Наурыз мейрамына арналған Наурызнама онкүндігі басталды. Іс-шаралар 12–23 наурыз аралығында мектептерде, колледждерде және қосымша білім беру ұйымдарында өтуде.

Осы кезеңде білім беру ұйымдарында тақырыптық челлендждер, экологиялық акциялар және ұлттық ойындардан түрлі жарыстар ұйымдастырылады. Шаралар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Оның негізгі мақсаты – мәдени-әлеуметтік және спорттық іс-шаралардың мазмұнын жаңарту, балаларға арналған цифрлық жобаларды дамыту және ұлттық құндылықтарды заманауи форматта дәріптеу. Сонымен қатар, 19 наурыз күні сағат 11:00-де республика көлемінде мектептерде, қосымша білім беру ұйымдары мен колледждерде «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар акциясы өтеді.

Әлеуметтік желіде бөлісу