Қазіргі таңда көпшілік ұйықтар алдында телефон қарап, әлеуметтік желі ақтаруды күнделікті әдетке айналдырған. Алайда бұл қарапайым көрінетін әрекет ұйқы сапасына елеулі әсер етуі мүмкін. Телефон, планшет және компьютер экрандарынан бөлінетін көк жарық ағзадағы ұйқыға жауап беретін мелатонин гормонының бөлінуін баяулатады. Соның нәтижесінде адам кеш ұйықтап, таңертең өзін сергек сезіне алмайды.
Зерттеулер көрсеткендей, ұйықтар алдында гаджет қолданатын адамдардың ұйқыға кету уақыты орта есеппен 10-30 минутқа ұзарады. Сонымен қатар, жасөспірімдердің басым бөлігі ұйқы алдында телефон пайдаланатыны анықталған, бұл ұйқы тапшылығының көбеюіне себеп болып отыр.
Ұйқының жеткіліксіз болуы есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, зейіннің шашырауына, көңіл-күйдің өзгеруіне және иммунитеттің әлсіреуіне әсер етуі мүмкін. Ұзақ уақыт бойы сапасыз ұйқы денсаулыққа да кері ықпал етеді.Мамандар ұйықтардан кемінде 1 сағат бұрын телефон мен басқа да гаджеттерді пайдалануды тоқтатуға кеңес береді. Оның орнына кітап оқу, тыныш музыка тыңдау немесе ертеңгі күнді жоспарлау ұйқының сапасын жақсартуға көмектеседі.Ұйқы – жай ғана демалыс емес. Бұл – адамның денсаулығы, есте сақтау қабілеті және күнделікті өнімділігі үшін ең маңызды қажеттіліктердің бірі.