МАҚТАРААЛДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ КІТАПҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРАТЫН ОҚЫРМАНДАР САЙЫСЫ ӨТТІ
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Мақтаарал ауданы, №1 Мырзакент мектеп-гимназиясында қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі негізінде мектепішілік оқырмандар сайысы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту және отаншылдыққа тәрбиелеу. Іс-шараға Отырар және Мақтаарал аудандарының құрметті азаматы Мұсаев Құнанбай, «Ой қамшы» әдеби-тарихи білім жобасының жетекшісі Нұрымбетов Бақытқали, ардагер ұстаз Саттаров Жақсылық және Мақтаарал ауданы білім бөлімінің бас маманы Пулатова Бибінұр қатысты. Сайысқа 5–11 сынып оқушылары қатысып, 93 оқушы «Ұшқан ұя» шығармасы бойынша 40 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындады. Қорытындысында жеңімпаздар анықталып, оларға ынталандыру сыйлықтары табысталды. Мұндай мазмұнды іс-шаралар оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыруға ықпал етеді.

