КЕНТАУ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ СТУДЕНТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ

Түркістан облысындағы Кентау көпсалалы колледжінің студенті Рысхан Ақмарал Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өткен халықаралық байқауда III орын иегері атанды.

Аталған байқау «Кескіндеме және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша халықаралық достық кездесу аясында ұйымдастырылды. Жарысқа Мажарстан, Италия, Чехия, Қазақстан және Ұлыбритания елдерінің қатысушылары қатысып, өзара кәсіби шеберліктерін сынады. Байқау барысында қатысушыларға берілген тапсырмалар шығармашылық қабілет пен техникалық дайындықты талап етті. Рысхан Ақмарал теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, жұмысты сапалы әрі белгіленген уақыт ішінде орындап, сарапшылардың жоғары бағасына ие болды. Айта кетейік, ол бұған дейін Түркістан облыстық чемпионатында І орын алып, республикалық кезеңге жолдама алған. Сондай-ақ WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық чемпионатының алтын медаль иегері және RegionSkills 2024–2025 жеңімпазы. Қазіргі таңда студент WorldSkills Shanghai 2026 халықаралық чемпионатына дайындық жұмыстарын жалғастыруда.

Әлеуметтік желіде бөлісу